2022 жылғы 18 ақпандағы №01-04-06/1249 хатына сәйкес жүйелік оператор «KEGOC» АҚ цифрлық майнинг қызметіне арналған электр энергиясын тұтыну электр энергиясын тұтынуды өндіру бойынша тәуліктік кестелерде қарастырылуы тиіс. Осы себепті энергиямен жабдықтаушы ұйымды (бұдан әрі — ЭЖҰ) тұтынушы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы хабардар етуі керек.
⠀⠀ Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын объектілердің тұтыну көлемінің ұлғаюына байланысты электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесінің көлемін асырғаны жөнінде ЭЖҰ-ды хабардар етпегені үшін «KEGOC» АҚ жүйелік операторы тарапынан электр энергиясының жұмыс істеуі шеңберінде айыппұл қарастырылған.
⠀⠀ Жоғарыда айтылғандардың негізінде, егер сіздің қызметіңіз цифрлық майнинг қызметімен байланысты болса, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органды және ЭЖҰ хабардар ету қажеттігін хабарлаймыз. Өзге жағдайда біздің компанияға айыппұл қолданылғанда, бұл шығындар регресс тәртібінде Сізге қайта салынады.