КАССАЛАРДЫҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ.

“Энергопоток» ЖШС-гі Түркістан облысы аумағында «Unikassа»ЖШС электр энергиясы үшін төлемдерді қабылдау кассаларының жұмыс істеуі тоқтатылғаны туралы тұтынушылардың назарына жеткізеді.

⠀⠀ 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Түркістан облысының барлық аудандарында жеке және заңды тұлғалардан коммуналдық төлемдерді сыртқы комиссиясыз қабылдайтын «Энергопоток» ЖШС-нің кассалары жұмыс істейді.

⠀⠀ Сіздің ақшалай қаражатыңызды жеке дербес шотыңызға уақтылы аудару мақсатында, сондай-ақ ақша қаражатын заңсыз беруді болдырмау үшін «Энергопоток» ЖШС-нің кассаларында және «Қазпочта» АҚ-ның төлемдерді қабылдау пункттерінде төлем жасауды, бұл ретте жүргізілген төлем туралы фискалды чекті талап етуді, немесе kaspi.kz. мобильді қосымшасы арқылы төлеуді ұсынамыз.