«Энергопоток» ЖШС-нің әкімшілігі ҚР Ұлттық Экономика Министрілігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап электр энергиясына тарифтердің көтерілуі туралы хабарлама жіберді. Өсудің себептері:
— «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 14.12.2018 жылғы № 514 бұйрығына «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 226 бұйрығын бекіту — 2022 жылғы 1 шілдеден бастап энергия өндіруші станциялардың тарифтерін жоғарлатуы;
— «Kegoc» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК ,»РФЦ» ЖШС қуат нарығының электр энергиясын беру шекті тарифтерін ұлғайту;
Жобаланған тарифтер төмендегідей:
1. Электр энергиясын өз тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін:
– орташа өткізу тарифі бойынша төлем жүргізетін-1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 19,6112 теңге
Тұтыну көлеміне байланысты төлем жүргізетін тұтынушылар үшін:
— электр плиталарын пайдаланатын:
Бірінші деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 17,5168 теңге;
Екінші деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 23,5312 теңге;
Үшінші деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 29,4224 теңге;
— электр плиталарын пайдаланбайтын:
Бірінші деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 17,7744 теңге;
Екінші деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 23,5312 теңге;
Үшінші деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 29,4224 теңге;
2. Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 36,5008 теңге.
3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 49,8624 теңге.
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін — кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 28,6608 теңге
«Энергопоток» ЖШСнің әкімдігі