Құрметті  электроэнергия тұтынушылары!

«Энергопоток» ЖШС-нің әкімшілігі ҚР Ұлттық Экономика Министрілігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап электр энергиясына тарифтердің көтерілуі туралы хабарлама жіберді. Өсудің себептері:

– «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 14.12.2018 жылғы № 514 бұйрығына «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 226 бұйрығын бекіту – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап энергия өндіруші станциялардың тарифтерін жоғарлатуы;

– «Kegoc» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК ,»РФЦ» ЖШС қуат нарығының электр энергиясын беру шекті тарифтерін ұлғайту;

Жобаланған тарифтер төмендегідей:

1. Электр энергиясын өз тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін:

– орташа өткізу тарифі бойынша төлем жүргізетін-1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 19,6112 теңге

Тұтыну көлеміне байланысты төлем жүргізетін тұтынушылар  үшін:

– электр плиталарын пайдаланатын:

Бірінші деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 17,5168 теңге;

Екінші деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 23,5312 теңге;

Үшінші деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 29,4224 теңге;

– электр плиталарын пайдаланбайтын:

Бірінші деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 17,7744 теңге;

Екінші деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 23,5312 теңге;

Үшінші деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 29,4224 теңге;

2. Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 36,5008 теңге.

3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 49,8624 теңге.

4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 28,6608 теңге

«Энергопоток» ЖШСнің  әкімдігі