«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» ҚР ЭМ 14.12.2018 жылғы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өсуіне және Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу шығыстарының өсуіне байланысты «Энергопоток» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне 2021 жылдың мамыр айының 5 жұлдызынан өткізу тарифтерінің өсуі туралы мәлімет жолдағанын хабарлайды:
1. Электр энергиясын өз тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін:
• орташа өткізу тарифі бойынша төлем жүргізетін — 1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 17,5183 теңге;
• тұтыну көлеміне байланысты төлем жүргізетін тұтынушылар үшін, электр плиталарын пайдаланатын:
1 деңгей тарифі — 1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 15,3104 теңге;
2 деңгей тарифі — 1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 21,0224 теңге;
3 деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 26,2752 теңге;
• электр плиталарын пайдаланбайтын:
1 деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 15,8032 теңге;
2 деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 21,0224 теңге;
3 деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 26,2752 теңге;
2. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес пайдаланатын тұтынушылар – 1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 33,7792 теңге.
3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін – 1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 35,1680 теңге.