Құрметті Электрэнергия тұтынушылары!

«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» 14.12.2018 жылғы № 514 Энергетика министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 30 наурызда № 108 бұйрығымен бекітілген энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өсуіне және «Энергопоток» ЖШСнің ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2021 жылы 05 мамыр № 04-16/692 дәлелді қорытындысымен 2021 жылдың мамырдың 15 жұлдызынан бастап электр энергиясын өткізу төмендегідей сараланған тарифтерін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұтынушылары үшін келісілгенін хабарлайды:

⠀ 1) 1 топ тұтынушылар – электр энергиясын өз тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін:– орташа өткізу тарифі         бойынша төлем жүргізетін – 1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 16,9456 теңге

⠀ 2) 2 топ тұтынушылар – электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес пайдаланатын тұтынушылар үшін – 1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 32,5584 теңге.

⠀ 3) 3 топ тұтынушылар – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін – 1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 34,5520 теңге.

⠀ 4) Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларын өндіруші тұтынушылардың 4 тобы үшін – 1 кВт/сағ үшін ҚҚС есебімен 23,7664 теңге.

⠀ Тұтыну көлеміне байланысты төлем жүргізетін тұтынушылар үшін:

⠀ – электр плиталарын пайдаланатын:

⠀ 1 деңгей  – 1 кВт /сағ ҚҚС есебімен 14,8064 теңге;

⠀ 2 деңгей  – 1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 20,3392 теңге;

⠀ 3 деңгей  – 1 кВт /сағ ҚҚС есебімен 25,4240 теңге;

⠀ – электр плиталарын пайдаланбайтын:

⠀ 1 деңгей  – 1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 15,2880 теңге;

⠀ 2 деңгей  – 1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 20,3392 теңге;

⠀ 3 деңгей  – 1 кВт /сағ ҚҚС есебімен 25,4240 теңге.