Тұрмыстық емес тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шартын жасасу тәртібі

Жаңа тұтынушыларға (жаңадан енгізілетін объект) техникалық шарттарды алуға және электр желісіне қосу үшін энергия беруші ұйым «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не жүгіну қажет.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

  • энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда
  • тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;
  • электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде
  • тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді

Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдар құрамында жоқ тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері
  • энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі
  • мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін)
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі
  • ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін)
  • техникалық шарттардың көшірмесі
  • банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – заңды тұлғалар ғана ұсынады

Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында болатын тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі, заңды тұлғалар ғана ұсынады;
  • кондоминиум объектісін басқарушы орган немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі
  • мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін)
  • ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін)
  • банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №), заңды тұлғалар ғана ұсынады
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі