Тұтынушылардың назарына!

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №254-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға өтініш беру тәртібі өзгеретінін хабарлаймыз.

2026 жылғы 13 шілдеден бастап аталған өтініштер тек электрондық форматта келесі ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады:

  • «Электрондық үкімет» веб-порталы;
  • уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті);
  • мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (gov.ggk.kz).
  • «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның «isel.kz» цифрлық платформасы.

Осыған байланысты өтініш беру үшін жоғарыда көрсетілген электрондық сервистердің бірін пайдалануыңызды сұраймыз.