🎂 Бүгін бізде үлкен мереке және маңызды атаулы күн — біздің компанияға 20 жыл толып отыр.

Құрылған кезде компанияның басты міндеті энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын сату және сатып алу болды.

2004 жылдан бастап Шымкент қаласының қала маңындағы аудандарының тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ете отырып, «Энергопоток» ЖШС-і электрмен жабдықтау нарығында өз функцияларын жүзеге асыра бастады. 2007 жылы Компания Шымкент қаласының бүкіл аумағы бойынша электрмен жабдықтау шекарасын кеңейтті. Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 2010 жылы Тоқаев көшесі №27 мекен-жайында Сall-center ашылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Энергопоток» ЖШС-і бүкіл Түркістан облысы бойынша электр энергиясының сенімді жеткізушісі болып табылады.

«Құрметті әріптестер, Сіздерді осы айтулы күнмен құттықтаймын. Кәсіпорынның басты құндылығы еңбек ұжымы болды және солай болып қала береді.  Бүгінгі таңда күн сайын жеті жүзден астам адам электр энергиясын сату мәселелерін шешеді, осылайша әр үйде жарық пен жылу болады.

Мен біздің ортақ игі ісіміз тек өркендеп, мақсаттарымызға жеткенін қалаймын. Компанияның барлық қызметкерлеріне тұрақтылық, маңызды кәсіби жетістіктер тілеймін. Мен әрқайсыңыздың компанияның дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын».

Құрметпен, «Энергопоток» ЖШС-інің Бас директоры Кушкумбаева А.Т.