ОҚО Электр энергетикасы жұмысшыларының жергілікті Кәсіп Одағы Қоғамдық Бірлестігі ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР «Кәсіп Одақтар туралы» Заңдары негізінде жұмысын жүзеге асыруда. Жергілікті Кәсіп Одақ Бірлестік мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек турасындағы кәсіби заңды құқықтарын қорғайды.

Бүгінде жергілікті Кәсіп Одақ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жұмысшыларын біріктіріп отыр. Оның құрамына 3282 еңбеккер мүшелікке ие.

Жергілікті Кәсіп Одақ түрлі қызметтерді атқарады. Еңбек қауіпсіздігін қорғау, еңбек қатынастарындағы дауларды шешу, жұмыс берушімен Ұжымдық келісім-шарт түзу сияқты құзыретке ие. Жұмыс берушімен бірлесе отырып, мәдени спорттық шаралар ұйымдастыру, оның ішінде Наурыз мейрамы, Жеңіс күніне байланысты ҰОС, тыл және оған теңестірілген ардагерлерді құттықтау, Энергетиктер күніне іс-шаралар жоспарлау және спартакиадалар өткізеді. 

Ұжымдық келісім-шартта еңбек қуаіпсіздігі мен денсаулықты сақтау негізінде барлық қажетті жағдайлар жасау көрсетілген. Соның ішінде әлеуметтік қорғау бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді: 

— Жұмыскердің санаториялық-курорттық емделу жолдамасының бір бөлігін төлеу, еңбеккерлердің балалары үшін сауықтыру лагерлеріне берілетін жолдаманың бір бөлігін төлеу; 

— Жұмыскерлердің емделуіне қажетті материалдық көмек беру;

— Жұмыскердің жақындары немесе өзінің қайтыс болуына байланысты материалдық көмек беру; 

— Жеңіс күні, қарттар күніне күніне орай, ҰОС, тыл еңбеккерлері және оған теңестірілген ардагерлер мен қарияларға бір реттік мерзімдік ақы төлеу.