Құрметті тұтынушылар!

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында бизнес үшін электрэнергиясының тарифтері төмендетілді

        «Энергопоток» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 42,23 теңгеден 37,00 теңге/кВтсағ-қа дейін 12,4% — ға төмендету туралы хабарлама жіберді.                                                                                                                                                                                           Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.                                                                                                          Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттердің реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін жуырда электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.                                                          Естеріңізге сала кетейік, бұл жұмыс тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі тиімсіз делдалдарды жою аясында жүргізілді.        Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (Шымкент қаласының және Түркістан облысының заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарынан электр энергияны кепілді жеткізушіге («Энергопоток» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына және тиісінше тарифтің өзінің төмендеуіне әкелді.                                Электрмен жабдықтау қызметтерін үздіксіз және сапалы алу мақсатында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғаларына «Энергопоток» ЖШС-мен тиісті шарт жасасу ұсынылады. Бұл жұмысты субъект кедергісіз және жедел жүргізеді.

      Туындаған сұрақтар бойынша «Энергопоток» ЖШС кеңселерінің біріне жүгінуге болады:

✔ Заңды тұлғалар үшін:

• Шымкент қ., К. Тоқаев көш., 27 тел. 777-333.

• Шымкент қ., Сауле м.а., Зерде көш., 30 тел. 777-333.

• Туркестан қ., Ғ. Мүсрепов көш., 27 тел. 3-34-03.

 Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС:

 

✔Мекен-жайы: Шымкент қ., Б. Саттарханов көш. 10/1 тел. 50-57-11,50-57-50.