Құрметті тұтынушылар!

       Бізге реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өтініштері негізінде 2024 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері олардың электрмен жабдықтауға арналған лицензияларының қолданылуын тоқтатылатынын хабарлаймыз.

       ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңының 1 — бабының 34-тармағына сәйкес электр энергиясын Кепілді жеткізуші-тұтынушының кінәсінен емес, барлық басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым.

       «Энергопоток» ЖШС-і ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 14-тармақшасына және электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларының 11, 12-тармақтарына сәйкес электр энергиясының кепілді жеткізушісі болып табылады.

       Осыған байланысты, Сіздің энергиямен жабдықтаушы ұйымыңыздан сізге электр энергиясын жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аумағында электр энергиясының кепілді жеткізушісі бола отырып, «Энергопоток» ЖШС сіздің объектілеріңізді толық көлемде электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін Сіз біздің байланыс орталықтарымызға хабарласуыңыз қажет.

 Құрметпен,

«Энергопоток» ЖШС әкімшілігі