Біз сіздің өміріңізді жарқын етеміз!

Previous
Next

Жеке кабинет

Максималды мүмкіндіктер

Жаңалықтар

Хабарландыру

Құрметті тұтынушылар!        Бізге реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өтініштері негізінде 2024 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері

Тұтынушылардың назарына

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды: 1. https://www.instagram.com/p/CzlSa_iLyng/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA == (Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнамада 3 рәсім қарастырылған. Законодательство о банкротстве физических лиц предусматривает 3 процедуры).2.

Часто задаваемые вопросы

Ол үшін Сіз «Энергопоток» ЖШС-іне келуіңіз қажет немесе Telegram-бот және WhatsApp-бот қосымшалары арқылы электронды төлем құжатын алуға болады.

Егер сіз пәтер сатып алсаңыз, меншік иесінің құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде дербес шотыңызды өзіңізге қайта рәсімдеуіңіз қажет.

Ол үшін «Энергопоток» ЖШС-не жазбаша өтінішпен жүгініп, келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жеке куәлігінің көшірмесі;

  2. жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама немесе мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасымен бірге сатып алу-сату шартының көшірмесі;

    Егер Сіз тұтынылған электр энергиясы үшін сараланған тариф бойынша төлем жасағыңыз келсе, онда тіркелген тұлғалар туралы ақпараты бар тағы бір құжат қажет, атап айтқанда:

  3. жылжымайтын мүлік объектісінде «тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер» ақпараты (egov.kz порталы бойынша)

Электр энергиясын өшіру мәселесі бойынша «Энергопоток» ЖШС-іне меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесімен барып, өтініш жазу қажет. Электрмен жабдықтауды ажыратуға өтінім энергия беруші ұйымға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-іне жіберіледі. Электрмен жабдықтауды ажырату/ қосу «ОЖТ» ЖШС-і қызметкерлерімен 2-3 жұмыс күн ішінде орындалады.

Электрмен жабдықтау объектісінің меншік иесі тұратындардың санын өзгерту үшін «Энергопоток» ЖШС-і келіп келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынуы қажет.

  1. жеке куәлігі;

  2. жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама немесе мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасымен бірге сатып алу-сату шарты;

  3. жылжымайтын мүлік объектісінде «тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер» ақпараты (egov.kz порталы бойынша)

ҚР 21.05.13ж. № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының бұзылуын болдырмау үшін, ақпарат алуға менеджерлерге жүгінген кезде келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынуыңыз қажет

  • егер Сіз меншік иесі болсаңыз – жеке куәлігіңіз;

  • егер сіз мекен-жайға тіркелген болсаңыз, бірақ меншік иесі болмасаңыз – жылжымайтын мүлік объектісінде «тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер» ақпараты (egov.kz порталы бойынша) және жеке куәлігіңіз

  • егер сіз мекен-жайы бойынша тіркелмеген болсаңыз – жеке куәлігіңіз және пәтер иесінің берген сенімхаты

Ия Сізге қайта есептеулер жүргізіледі. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес, егер электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алу арасындағы нақты кезең күнтізбелік отыз күнге тең болмаса, электр энергиясын тұтыну шамаларының мөлшерін энергиямен жабдықтаушы ұйымы немесе тұтынушы нақты кезеңнің ұзақтығын ескере отырып түзетеді.

Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне сәйкес тұтынушы (бұл жағдайда Сатушы) электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күнге есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін түпкілікті есеп айырысуды жүргізуге міндетті. Сатушыдан коммуналдық қызметтер үшін берешегінің жоқтығы туралы анықтаманы талап етіңіз.

Кері байланыс

Бізге электрондық пошта арқылы жіберіңіз

«Жіберу» батырмасын басу арқылы мен жеке деректерімді өңдеуге келісім беремін. Жеке деректерді өңдеу шарттарымен, www.energopotok.kz сайтында көрсетілген (жеке деректерді өңдеуге келісім) - мен оқыдым және келісемін.