ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 2021 жылы 29 шілдедегі № 04-15/1269 дәлелді қорытындысымен 2021 жылдың тамыздың 1 жұлдызынан бастап «Энергопоток» ЖШСнің электр энергиясын өткізу төмендегідей тарифтерінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұтынушылары үшін келісілгенін хабарлайды:
Өсудің себептері:
– 2021 жылғы 1 шілдеден бастап энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін қолданысқа енгізу туралы «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14.12. № 514 бұйрығына «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ЭМ М. атқарушының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 211 бұйрығын бекіту;
– «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына 2020 жылғы № 380-VI ҚРЗ 7 желтоқсандағы 2021 жылдың 1 шілдеден бастап өзгерістер енгізуіне сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың босату тарифі шекті тариф пен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға үстемеақының тарифтерінің сомасынан тұратыны.
1. 1 топ тұтынушылар -электр энергиясын өз тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін өзгеріссіз келісілді.
Тұтыну көлеміне байланысты төлем жүргізетін тұтынушылар үшін бағалар өзгеріссіз келісілді.
2. 2 топ тұтынушылар – электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес пайдаланатын тұтынушылар үшін – 1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 33,1744 теңге.
3. 3 топ тұтынушылар – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 35,2912 теңге.
4. Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларын өндіруші тұтынушылардың 4 тобы үшін – 1 кВт/сағ үшін ҚҚС есебімен 24,1584 теңге.