Электр энергиясы тарифтерінің өсуі жоспарланғаны туралы мәлімет!

«Энергопоток» ЖШС әкімшілігі ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне 2021 жылдың 1 тамызынан бастап электр энергиясына тарифтердің көтерілуі туралы хабарлама жіберді. 

Өсудің себептері:

– 2021 жылғы 1 шілдеден бастап энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін қолданысқа енгізу туралы «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14.12. № 514 бұйрығына  «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ЭМ М. атқарушының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 211 бұйрығын бекіту;

– «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына 2020 жылғы № 380-VI ҚРЗ 7 желтоқсандағы  2021 жылдың 1 шілдеден бастап өзгерістер енгізуіне сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың босату тарифі шекті тариф пен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға үстемеақының тарифтерінің сомасынан тұратыны.

    Жоғарыда көрсетілген өзгерістер Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындардың өсуін негіздейді. 

Жобаланған тарифтер төмендегідей:

1. Электр энергиясын өз тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін:

– орташа өткізу тарифі бойынша төлем жүргізетін-1 кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 17,2816 теңге.

Тұтыну көлеміне байланысты төлем жүргізетін тұтынушылар  үшін:

– электр плиталарын пайдаланатын:

Бірінші деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 15,1424 теңге;

Екінші деңгей тарифі -1 кВт/сағ ҚҚС есебімен 20,7424 теңге;

Үшінші деңгей тарифі -1 кВт / сағ ҚҚС есебімен 25,9280 теңге;

2. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес пайдаланатын тұтынушылар үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 33,3760 теңге.

3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 35,3472 теңге.

4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін – кВт/сағат үшін ҚҚС есебімен 24,4160 теңге.