Құрметті электр энергия тұтынушылары! PDF Печать

Энергетика Министрінің электрэнергиясын өндіруші стансалардың тарифтерін бекіту туралы 2018 жылы желтоқсанның 14 жұлдызында бекітілген № 514-515 бұйрықтарына сәйкес, сонымен қатар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС -нің электр энергиясын тасымалдау тарифін төмендетуіне байланысты, «Энергопоток» ЖШС-і Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының 2-Тарау, 13-бабына сәйкес, 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап электр энергиясының тарифін төмендету туралы хабарлайды.

Тарифтердің кестесі төмендегідей:

- тұтынушылардың 1-тобы – электр энергиясын өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін – 1 кВт/с үшін 15,72 теңгеден 14,65 теңгеге дейін ҚҚСмен бірге.

- тұтынушылардың 2-тобы – электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланбайтын тұтынушылар үшін – 1 кВт/с үшін 27,17 теңгеден 25,32 теңгеге дейін ҚҚСмен бірге .

Электр плиталарын пайдаланатын 1-ші топ тұтынушылар үшін:

үшінші деңгейдегі тариф – 1 кВт/с үшін 23,59 теңгеден 21,97 теңгеге дейін ҚҚС мен;

екінші деңгейдегі тариф – 1 кВт/с үшін 18,87 теңгеден 17,58 теңгеге дейін ҚҚС мен;

бірінші деңгейдегі тариф – 1 кВт/с үшін 12,94 теңгеден 12,06 теңгеге дейін ҚҚС мен

Электр плиталарын пайдаланбайтын 1-ші топ тұтынушылар үшін:

үшінші деңгейдегі тариф – 1 кВт/с үшін 23,59 теңгеден 21,97 теңгеге дейін ҚҚС мен;

екінші деңгейдегі тариф – 1 кВт/с үшін 18,87 теңгеден 17,58 теңгеге дейін ҚҚС мен;

бірінші деңгейдегі тариф – 1 кВт/с үшін 14,48 теңгеден 13,49 теңгеге дейін ҚҚС мен.

Төмендету туралы ақпарат Табиғи монополияларды реттеу,

бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаменттеріне жолданған.

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить